Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.19 606.42 6.47

Қыс кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте 2025-2026 жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель баяндады.

Облыс аумағында 122 997 тұрғын үй бар. Оның ішінде 101 мыңнан астамы жеке тұрғын үй, 7 452 көп пәтерлі тұрғын үй және 14 390-і саяжай. 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде облыста 304 өрт тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 44% өскен. Өрттің негізгі себептері: пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзу, электр жабдықтарын қолдану талаптарын бұзу және отты абайсыз пайдалану.

Облыс аумағында өрт қаупі жоғары 303 барақ үлгісіндегі үй және 72 тозығы жеткен, авариялық үй бар. Өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында департамент 2025-2026 жылдарға арналған алдын алу жоспарын іске асырып жатыр. Соның аясында 1 733 үй тексеріліп, 2 779 бұзушылық анықталды. 155 тұрғын үйде мұржа тазарту, пешті әктеу, сымдарды оқшаулау жұмыстары жүргізілді. 2022 жылдан бері 15205 көміртегі тотығы датчигі орнатылып, олардың уақтылы жұмыс істеуі 21 адамның өмірін сақтап қалды.

Аймақ басшысы жиында аудан-қала әкімдеріне, тиісті басқармаларға өрт қаупі бар тұрғын үйлер мен нысандар тізімін жасап, бақылауды күшейтуді, әлеуметтік осал топтардың үйлеріндегі жылыту және электр жүйелерінің жағдайын тұрақты қадағалауды, жеке үйлерде тұратын тұрғындар арасында қыс мезгілінде балаларды қараусыз қалдырмау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив