Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.19 606.42 6.47

Сенат республикалық бюджет және бюджет трансферттері туралы заңдарды қарайды

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 20 қарашада өтетін Палатаның жалпы отырысының күн тәртібін белгіледі және Комитеттердің алдағы іс-шараларын пысықтады.

Бюро отырысында аталып өткендей, Сенаттың іс-шаралар жоспарына сәйкес осы аптада депутаттар алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау кезінде құқық қолдану практикасы мәселелері бойынша мүдделі тараптармен бірқатар кездесу өткізеді. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде ерте хабарлау тетіктерін жетілдіру шараларын бірлесіп әзірлеу, табиғи және техногендік қауіптердің мониторингі, климаттық жобаларды іске асыру және орнықты даму мәселелеріне арналған іс-шаралар бар.

Мәулен Әшімбаев қаралатын мәселелердің маңызына назар аударып, мұның бәрі, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет қадам екенін айтты. Сондай-ақ ол төтенше жағдайлардың алдын алудың, тиімді басқару саласында заманауи тәсілдер мен жасыл технологияларды жүйелі түрде енгізудің және төмен көміртекті экономикаға көшудің басым бағыт екенін тілге тиек етті. Өсімдіктер әлемін қорғауға және биоалуандықты сақтау мәселелеріне де мән берілді.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде депутаттар өнеркәсіп пен елішілік құндылықты дамыту жөніндегі ұлттық институт «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қызметі бойынша көшпелі отырыс өткізеді. Онда цифрлық өзгерістер және жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланады.

Отырыс барысында Бюро мүшелері Палатаның алдағы отырысында «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарды қарау жөнінде қаулы қабылдады.

Сонымен қатар іс-шарада сенаторлар Мәжіліс қабылдаған заңдарды жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөліп берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив