Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.14 607.79 6.46

«ERTIS ART» ашық аймақтық әуесқой студенттік театрлар фестивалі өз мәресіне жетті

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастарға арналған креативті алаңдар ұйымдастыру» жобасы шеңберінде өткен бұл өнер фестиваліне Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы колледждер мен жоғары оқу орындары қатысып, өздерінің шығармашылық әлеуетін танытты.

Театр ұжымдары қоғам мен жастарға қатысты өзекті мәселелерді, тұрмыстық құқықбұзушылықтардың себеп-салдарын көркем сахналық тілмен жеткізіп, көрерменге терең ой салды. Шараның ашылуында сөз сөйлеген басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев Сәкен Сейфуллиннің «Театр – соқыр адам есту арқылы, құлағы естімейтін адам көзбен көру арқылы жүректен ұғынатын дүние болу керек» деген сөзін мысалға келтіріп, театрдың тәрбиелік мәніне тоқталды әрі жастардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

  • Бас жүлде – М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес Аймақ» студенттік театры (200 000 тг).

  • II орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шабыт» жастар театры (150 000 тг).

  • III орын – Әлихан Бөкейхан университетінің «Үркер» өнер орталығы (100 000 тг).

Арнайы номинациялар иегерлері:

  • Үздік режиссура – Азизов Ислам Фарухұлы («Жәмилә» қойылымы) – 30 000 тг.

  • Үздік ер адам бейнесі – Ғизат Темірлан, Бизнес және сервис жоғары колледжі – 30 000 тг.

  • Үздік әйел адам бейнесі – Ақтаева Анель, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ – 30 000 тг.

Фестиваль шығармашыл жастардың талантын танытып, өңірдегі театр өнерінің дамуына серпін берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив