Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
521.01 603.43 6.42

Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында жалпы құны 54 млрд теңгеден асатын 7 ірі жоба қаралды. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы жаңа өндірістерді іске қосуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Отырыста ұсынылған жобалар Семей қаласы, Жарма, Жаңасемей, Бородулиха және Аягөз аудандарында жүзеге асырылмақ. Инвесторлар гастро-парк ашу, ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркін салу, дәнді дақылдар мен күнбағысты тамшылатып суару арқылы өсіріп, қайта өңдеу, теріні қайта өңдеу негізінде жемдік қоспа шығару, қойма логистикасын дамыту, қонақүй кешендерін салу сияқты жобаларын таныстырды. Аталған жобалар жүзеге асқанда мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Аймақ басшысы инвестициялық жобалардың өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Бұлардың барлығы – облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған ірі жобалар. Жаңа өндіріс құрылады, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондықтан облыстық, қалалық, аудандық деңгейде әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеміз»,- деді облыс әкімі.

2025 жылдың басынан бері өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың саны 29-дан 97-ге дейін артты. Тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив