Резервтік қызметке үш жылдық қабылдау ашылды
Өңірде азаматтарды үш жылдық келісімшарт бойынша резервтік әскери қызметке қабылдау басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Шығыс» өңірлік әскерлер қолбасшылығы басқармасының заң басқармасы бастығы, подполковник Бейбіт Танцаров баяндады.
- Қабылдау ағымдағы жылдың 18 наурызында қабылданған «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізілуде. Резервтегі әскери қызметке 18 бен 57 жас аралығындағы, әскери билеті бар, моральдық және кәсіби талаптарға сай, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған жұмыс істейтін және жұмыссыз азаматтар қабылданады, - деді спикер.
Жаңа форматты енгізу Қарулы Күштерді жасақтау жүйесін жетілдіруге және қажет болған жағдайда мобилизациялық ресурсты жедел қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы басқармасының кадр бастығы, подполковник Бахыт Жұмабеков кеңінен тарқатты.
- Үш жылдық келісімшартқа отырған азаматтар жыл сайын 30 күндік далалық оқу-жаттығуларға, сондай-ақ ай сайын 3 күндік жауынгерлік дайындық сабақтарына қатысады. Осылайша, әрбір резервист жылына 60 күндік дайындықтан өтеді. Жұмыс істейтін резервистерге – орташа айлық жалақысы, ал жұмыссыздарға ең төменгі жалақы төленеді. Дайындық кезеңінде медициналық қамтамасыз ету бюджет есебінен жүргізіледі», – деді кадр бастығы.
Резервтік әскери қызметке қабылдау жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»