Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Кәсіпкерлер ЕЭК министрімен кездесуде навигациялық пломбаны қолдану мәселесін көтерді

19-04-2023, 16:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан кәсіпкерлері Кедендік ынтымақтастық жөніндегі еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі (министрі) Эльдар Әлішеровпен кездесуде навигациялық пломбалардың көмегімен тасымалдарды қадағалау мәселелерін, сондай-ақ кеден бекеттеріндегі әкімшілік кедергілер мәселесін көтерді.

Тауарларды тасымалдау навигациялық пломбаларды қолдана отырып жүргізілген уақытта Қазақстан тасымалдаушылары үшін «алып қою» тізбесін бекіту мәселесі өзекті болып отыр.

«Навигациялық пломба «жоғары тәуекелді» тауарлардың жекелеген санаттары немесе тауардың санкциялық топтарының өткізілуін бақылаудың қосалқы формасы ғана болуы тиіс. Егер пломба кедендік транзиттің кедендік рәсімі бойынша өтіп жатқан тауарлар мен барлық тасымалдау түріне қолданылатын болса, онда бұл шара бақылау функциялардың қайталануына әкеп соғады. Навигациялық пломбаның қолданысы кеңейтілсе өткізу пунткеріне жүктеме еселене түседі, үлкен кезек пайда болып, көлік кептелісі орын алады», – деді ҚР Автомобиль тасымалдаушылар одағы сас хатшысының орынбасары Виталий Поплавский.

Еске салсақ, навигациялық пломба – автокөлік құралының қозғалыс бағыты, сондай-ақ құрылғының бүтіндігі (ашылуын) туралы ақпаратты халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз ететін құрылғы.

2022 жылғы 19 сәуірдегі ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ЕАЭО-ға қатысушы барлық ел ратификациялады. Қазіргі езде навигациялық пломбалар механизмін енгізу үшін қажетті екінші деңгейдегі құжаттарды дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар кездесу барысында тасымалдаушылар кедендік транзит рәсіміне сәйкес навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалауға жатпайтын тауарлар санаттарын және тасымалдау жағдайларын, сондай-ақ шарттарын «алып қою» тізбесіне енгізу бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Кәсіпкерлер Ресей мен Беларусьтің кеден органдары мен басқа да бақылаушы органдары тарапынан жасалатын әкімшілік кедергілер тақырыбын көтерді. Осы кедергілер салдарынан тасымалдаушылар уақыт жоғалтып, қаржылай шығынға батуға мәжбүр.

«Одақ жұмыс істеп жатқаннан бері Қазақстан үшін ЕАЭО бойынша әріптестермен өзара сауда экономиканың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. ЕАЭО елдері арасында тауарларды өзара жеткізу тетігі қалыптастырылып, жолға қойылды. Бірақ, осыған қарамастан, кедендік шекараларда, соның ішінде Беларусь пен Ресейде жүктердің өтуіне кедергілер бар. Қазақстандық кәсіпкерлер кеден бекеттерінде бақылау іс-шараларын, Ресейдегі мобильді кеден топтарының іс-қимылдарын өткізу тәжірибесінің жиілеп кетуіне алаңдайды. Бұл жалпы ЕАЭО қағидаттарына қайшы келеді», – деді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Эльдар Әлішеров қазақстандық бизнес көтерген проблемалар бақылауға алынғанын атап өтіп, осы мәселелерді ЕЭК ішкі нарықтары бойынша блок алаңында кедергілер ретінде көтеруді ұсынды.

Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында қазақстандық бизнестің Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министрі) Эльдар Әлішеровпен кездесуі өтті. Іс-шараға «Қазақстан темір жолы» АҚ, ҚР халықаралық тасымалдаушылар одағының (ҚазАТО), ШОБ өкілдері, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив