Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қытаймен шекарада көлік кептелісі азайды ма?

27-03-2023, 15:30 Думан Кенжеғазыұлы

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында жүк тасымалдау саласының өкілдері ҚХР шекарасында автокөліктерді өткізу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов Ұлттық палата өкілдері шекарадағы жағдайды реттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына кіргенін еске салды. Топ ҚР премьер-министрінің тапсырмасы шеңберінде 2023 жылғы 13 наурызда құрылды. Спикер жұмыс тобы мәселені шешуде қандай шараларды қолға алғанын атап өтті.

«Жалпы кезекте 20 мыңнан астам көлік тіркелген. Бұл нақты емес көлік құралдары, нақты емес тасымалдаушылар екені түсінікті. Факті бойынша 12 мыңға жуық автомобиль бар. Жалпы, бұл кезек екі ай ішінде толығымен реттелуі керек деген шешім қабылданды. Әрине, егер қазіргідей 100 машина ғана болса, кептеліс шексіз жалғаса береді. Бұл мүмкін емес. Кезекте тұрған көліктердің шамамен жартысы, айына 6 мың автомобильден бөлінеді, яғни бұл көліктердің бірінші жартысына бірінші айда шығуға мүмкіндік беріледі. Екінші 6 мың көлік осы күндердің кез келгенінде екінші айда шыға алады. Неге кез келген күні шыға алады? Қазақстанның түкпір-түкпірінен бір уақытта 6 мың автомобиль келмейтінін бәріміз түсінеміз. Көбі сапарда, жөндеуде және т. б.», – деді  «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов Қазақстан, оның ішінде алматылық кәсіпкерлер үшін экспорт аса маңызды екенін атап өтті. Тимур Жаркенов мәселенің өзектілігін растап, қазіргі уақытта шекарада экспортқа басымдық беру бойынша шешім қабылданғанын айтты.

«Өкінішке қарай, Қазақстанда экспорт көлемі үлкен емес. Кептеліс кезінде оның көп мөлшері жиналды. Экспортты Қытайға барынша шығару туралы шешім қабылданды. Жалпы шешім ҰКП экспорт бойынша оператор болып белгіленді. Біз бұл жұмысты одан әрі жүргізу үшін ыңғайлы, қисынды механизмді әзірлеуіміз керек», – деп атап өтті спикер.

Шекарадағы басқа мәселелерді жүк тасымалдаушылар көтерді. Қазақстан кеден брокерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковтың айтуынша, автокөлік кезегінің базасы мезгіл-мезгіл істен шығады, салдарынан  тасымалдаушылар айыппұл төлеуге мәжбүр.

«Көліктік бақылау бойынша, бұл халықаралық тасымалдарға берілген куәліктер. Көліктік бақылау базасы қатып қалды. Сол үшін жүргізушілерге айыппұл салады. Неліктен біз ешбір көлік инспекторына айыппұл салмаймыз? Неліктен сұрақ, керісінше қойылмайды? Неліктен база үшін тасымалдаушы жауап беруі тиіс? Ал көлік қызметі кімді қаласа, соны жазалайды», – деп атап өтті Геннадий Шестаков.

Спикер базаның олқылығына тоқталды.

«Қазіргі база тек база болып қалуы  керек. Қарапайым адамдар айтқандай, бұл машиналардың тұрағы. Мен ол жаққа барып, қалаған көлікті жалдаймын. Осыдан кейін кезек пайда болады. Жүргізуші кезекке тұра алады, мен өтініш беремін, ол 27 наурызда өтеді. 27 наурызға қазірдің өзінде кезекте 2000 көлік тұр делік. Біз 31 наурызда тұрдық. Осындай ғана кезек болуы керек. 1 сәуірде барлық өткізу пункттері бойынша 10 мың өту рұқсаты беріледі. Яғни, 10 мың қытай машинасы бізге келіп, бізден он мың көлік Қытайға жыл соңына дейін өтеді. Бұл жерде тауарлардың санатын (тез бұзылатын өнім, экспорт және т.б.) анықтап алу керек», – деді Геннадий Шестаков.

Жеке тасымалдаушы Максим Ефремов «CarGoRuqsat» жүйесінің оң тұстарын атап өтті.

«Жүйе бізге қазір 2400 машина ішінен 900 көлік өткізу пунктінен өткенін көрсетіп тұр. Сонымен, математикалық тұрғыдан біз 500 машинаны өткізіп жібере алмасақ та 180 машинаны өткізуге қол жеткіздік. Бұған дейін небәрі 70 көлік болған. Демек, екі есе жақсарды. Визасы бар тасымалдаушы ретінде мен 17 наурызда өткізу пунктін кесіп өттім, сағат 6-да шекарада болдым, ал сағат 7-де мен Қытай жағына өттім», – деді тасымалдаушы Максим Ефремов.

Еске салсақ, 1 сәуірден бастап ҚР кеден қызметі нақты уақыт режимінде кері экспортталатын тауарлар қозғалысының барлық тізбегін бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-құралды енгізіп жатыр. Осылайша Қазақстан тауарлардың Ресейге кері экспортын бақылауды күшейтуге ниетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы Қазақстаннан Ресейге экспорт 2021 жылмен салыстырғанда 25%-ға өсті.  

«1 сәуірге дейін біз ұсыныстарды жинап, пысықтап, Ұлттық палатадан бірыңғай позиция ретінде мемлекеттік органдарға жолдауымыз керек. Егер бәрі жақсы болса, онда нәтижесінде бізде қалыпты электрон кезек жүйесі болады, өткізу пункттері нақты режимде мүмкіндігінше 1000-ға жуық автокөлікті өткізеді. Нұрлы жол өткізу жүйесін қалыпқа келтіруді көздейміз. Ондағы әлеует  жеткілікті», – деп атап өтті Тимур Жаркенов.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив