Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
502.6 589.95 6.5

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиада басталды

19-11-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында еліміздің 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХVІІІ Президенттік олимпиадасы өтуде.

Олимпиаданың мақсаты – математика, физика, химия және биология пәндерінен қабілетті және талантты оқушыларды анықтау, оларды әрі қарай зияткерлік дамытуға және кәсіби бағдарлауға жағдай жасау. Сонымен қатар, оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету көзделген.

Сайыс 3 кезеңнен тұрады. Бірінші (өңірлік) кезең – 2025 жылғы 6 қазанда өтті, оған 3544 оқушы қатысты. Ал екінші іріктеу кезеңіне 414 оқушы қатысып, екі кезеңнің нәтижесінде 201 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Финалдық дода 17-21 қараша аралығында жүреді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив