Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
518.66 597.44 6.56

Сенатта «Жасыл даму» АҚ қызметі туралы баяндама тыңдалды

20-11-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары орнықты даму, көміртегінің ізін азайту және қоршаған ортаны сауықтыру мәселелеріне орай климаттық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша «Жасыл даму» АҚ басшылығымен кездесу өткізді.

Сенаторлар «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасының қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік оператордың қызметі туралы баяндамасын тыңдады. Бұл еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі үдерісі болып табылады.

Отырысқа қатысушылар Экологиялық кодекс аясында кәдеге жарату төлемдерінің түсімін басқару және оларды пайдалану, ҚТҚ қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру, булану газдары шығарындыларын ұлттық түгендеу, шығарындыларды саудалау жүйесі, офсеттік жобалар, республикалық меншікке берілген иесіз қауіпті қалдықтарды басқару мәселелерін қарады.

Комитет төрағасы Әли Бектаев бүгінде «Жасыл даму» АҚ қалдықтармен жұмыс істеу және өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері тетігін іске асыру саласында ұлттық оператор ретінде өз жұмысының ашықтығын арттыруы тиіс екенін атап өтті.

«Экология саласындағы жаһандық өзгерістер мемлекеттік органдар тарапынан бірлескен іс-қимылды талап етеді. Бұл бағытта дәйекті және мақсатты шаралар жүзеге асуы тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қаржы ұтымды және тиімді пайдаланылуы тиіс», - деді Әли Бектаев.

Шараға сонымен қатар экология және табиғи ресурстар, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қорының басшылығы қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив