Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Астанада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

20-11-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасы, оның Шығыс Ренессансындағы рөлі, еңбектерінің маңызы және идеяларының қазіргі ғылыммен сабақтастығы туралы айтылды. Сондай-ақ орталықтың сарапшылары мен ғалымдар «Қайырымды қала тұрғындары» трактатының философиялық мәні және ойшылдың өркениет тарихындағы рөлі туралы баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында сақталған әл-Фараби және басқа да ортағасырлық ғұламалардың еңбектеріне арналған тақырыптық көрме ұсынылды. Көрмедегі құнды мұралар қатарында әл-Фарабидің саясат пен әлеуметтануға қатысты философиялық ойлары жазылған «Саяси күнделік» және «Музыкалық салаға кіріспе» атты екі қолжазбасы болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив