Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Қауіпсіздік шараларын күшейту: облыс әкімдігінде ҚР ҰҚК АТЦ Штабының республикалық семинар-кеңесі өтті

24-11-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

21 қараша күні облыс әкімдігі ғимаратында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Антитеррорлық орталығы Штабы ұйымдастырған «Терроризмге осал нысандардың антитеррорлық қорғалу жағдайы және оны арттыру шаралары» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес өтті.

Іс-шара ішкі істер, ағарту және денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция форматыда өтті.

Семинар-кеңес барысында терроризмге осал нысандардың (ТОН) антитеррорлық қорғалу деңгейінің қазіргі жағдайы, мемлекеттік органдар, ТОН нысандары және күзет қызметі субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ антитеррорлық комиссиялардың (АТК) жұмысы мен білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының қорғалу деңгейін арттыру шаралары талқыланды.

Семинар-кеңес жұмысына Абай облысы бойынша ҰҚК департаментінің жауапты қызметкерлері, облыстық антитеррорлық комиссия қызметін қамтамасыз ету бөлімі, сондай-ақ облыстық әкімдіктің салалық басқармаларынан бекітілген мамандар қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив