Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

24-11-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки, Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев, Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо, Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд, Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве және Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.

Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделгенін айтты.

Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив