Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
518.66 597.44 6.56

Сенат су және денсаулық проблемалары туралы заңды қарайды

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 27 қарашада өтетін Сенат отырысының күн тәртібін айқындап, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында комитеттердің алдағы іс-шараларын талқылады.

Бюро отырысында атап өтілгендей, Сенаттың іс-шаралар жоспарына сәйкес депутаттар осы аптада индустриялық аймақтағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі, машина жасауды дамыту, ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі ірі жобаларды ұлғайту (Шардара ауданындағы крахмал мелассасын өндіру жөніндегі жаңа инновациялық кәсіпорын базасында) мәселелері бойынша мүдделі тараптармен бірқатар кездесу өткізеді. Аталған іс-шаралардың қатарында Қазақстандағы цифрлық активтер индустриясына және сот-сараптама қызметіне қатысты мәселелер талқыланатын кездесулер де бар.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына назар аударып, оны іске асыру үшін бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру айрықша мәнге ие екенін айтты. Осыған байланысты Палата депутаттары Машина жасау мәселелері бойынша арнайы заң жобасын әзірледі. Саланы дамытуға қажетті заңнамалық түзетулер және басқа да бастамалар Сенаттың тұрақты комитеттерінің алдағы отырыстарында мүдделі тараптармен бірге жан-жақты талқыланады.

Сондай-ақ Бюро мүшелері Сенат отырысында қаралатын мәселелердің күн тәртібін айқындады. Соған сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Хаттама су ресурстарын тұрақты басқару есебінен, сондай-ақ, сумен байланысты аурулардың таралу дәрежесін болдырмау және шектеу арқылы халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған құжаттың негізгі мақсаттары Орнықты даму мақсаттарымен стратегиялық тұрғыдан корреляцияланады.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Қостанай филиалының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң Палата отырысының күн тәртібіне шығарылды. Келісімде жазылғандай, филиалда оқу екі мемлекеттің мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттарына сәйкес қазақ, орыс және басқа тілдерде жүргізілмек.

Іс-шарада Сенат депутаттары Мәжіліс қабылдаған заңдарды жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөліп берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив