Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры тағайындалды

20-04-2023, 09:34 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев 2023 жылғы 19 сәуір күнгі ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының бұйрығымен осы лауазымға тағайындалған жаңа Бас директор Момышев Талғат Амангелдіұлын Ұлттық аккредиттеу орталығының ұжымына таныстырды.

ҰКО бас директоры болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған.

Момышев Талғат Амангелдіұлы Көкшетау облысы Щучье қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

1997-1998 жылдары Жамбыл стандарттау, метрология жәнесертификаттау орталығында бөлім бастығы, директордың орынбасары; 2000-2003 жылдары - «Метрология» РМК Алматы филиалының директоры, 2003-2005 жылдары - «Казсертико» РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өндірістік бөлімінің бастығы. Астана. 2005-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу жәнеметрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетініңтөрағасы, кейін ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болды.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы; Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив