Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
519.98 600.06 6.6

Еңбек министрлігі 2026 жылға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеуді жоспарлап отыр

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының «2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жобаға сәйкес, өңірлердің демографиялық ахуалы мен еңбек ресурстарына деген қажеттілігін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы орналастыру үшін өңірлік квота белгілеу көзделген.

Бұйрық жобасына қатысты ақпарат «Ашық НҚА» интернет-порталында 2025 жылғы 9 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив