Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 285 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

26-11-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 53 мың отбасындағы 285,1 мың адамға 27,1 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 88,8 мың балаға 3,4 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив