Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
518.4 598.13 6.55

Қысқы маусымға дайындық барысында 10-ға жуық техника сатып алынды

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Әділет Қожанбаев автокөлік жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстау мәселелері бойынша мердігер ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға тиісті бөлім басшылары мен полиция басқармасының өкілі қатысты.

Әділет Қожанбаев осыған дейін арнайы техниканы тексеру кезінде мердігер ұйымға дайындықтың сын көтермейтінін ескерткен еді. Осы сын-ескертпелер негізінде мердігер компания жолдарды қардан тазалау жұмыстарына арналған 10-ға жуық жаңа арнайы техниканы сатып алды.

Кездесу барысында Әділет Қожанбаев қыс мезгілінде жолдардың қауіпсіздігі мен қала тазалығы бірінші кезекте тұрғанын атап өтті.

«Қалың қар түскен уақытта барлық техника жылдам әрі үйлесімді түрде жұмысқа кірісуі қажет. Қардан дер кезінде тазаланбаған жолдар көлік қозғалысын тежеп қана қоймай, оқыс жағдайлардың көбеюіне себеп болады. Сондықтан әр мекеме жауапкершілікті сезініп, өз міндетін уақытылы орындауы тиіс», – деді қала басшысы.

Жиын соңында қала әкімі бөлім басшылары мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, барлық жұмыстардың үйлесімді орындалуын қатаң бақылауға алатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив