Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

ТМҰ елдерінің үкіметтік емес ұйымдары форумына отандық ҮЕҰ қатысты

26-11-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Әзербайжанда ТМҰ-ға мүше елдердің үкіметтік емес ұйымдары арасында ынтымақтастықты нығайтуға арналған форум өтті. Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және басқа да елдердің азаматтық қоғам ұйымдарынан 500-ден астам өкіл жиналды.

Қазақстан тарапынан форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің, Қазақстан Азаматтық альянсының, Community Hub қорының және «Сенімен Болашақ» РҚБ-ның өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында «I Әзербайжан-Қазақстан ҮЕҰ ынтымақтастық форумы», сонымен қатар «Зангезур дәлізі: түркі географиясын жалғайтын көпір» және «WUF13 жолында» атты тақырыптарда панельдік пікірталастар өткізілді.

Форумның қорытындысы бойынша Алматының Азаматтық альянсы мен Әзербайжанның «Ümidli Gələcək» ҮЕҰ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив