Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Салалық журналистикаға арналған үш айлық курс мәресіне жетті

27-11-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Үш айға созылған «Салалық журналистика мен медиакоммуникациядағы өзекті тәсілдер» атты курс мәресіне жетті. Бағдарлама шеңберінде баспасөз хатшыларына арналған үш семинар және салалық тақырыпта жазатын журналистер үшін төрт семинар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар 2025 жылғы 5 қарашада салалық журналистиканы дамыту және кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ журналистердің кәсіби деңгейін арттыру және медиасалаға заманауи технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бағдарламаға мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың баспасөз қызметі өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, жалпы 150-ден астам маман қатысты. Курс қазақ және орыс тілдерінде өтті және Қазақстанның барлық өңірлеріне онлайн-трансляция жасалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив