Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
516.86 598.68 6.58

Абай облысында үздік салық төлеушілер марапатталды

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 26 қарашада Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың қорытындысы бойынша Үздік салық төлеушілерді марапаттау рәсімін өткізді.

Іс-шара барысында департамент басшысы Руслан Данияров аймақ экономикасының тұрақты дамуына салық төлеушілердің қосқан үлесін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпкерлер мен ұйымдардың адал еңбегі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беретін бюджетті қалыптастыруға негіз болады.

«Үздік салық төлеуші», «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» атақтары – жай ғана тану белгісі емес. Бұл ел экономикасына белсенді атсалысып, жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытқан жандардың еңбегіне берілген баға, – деді Руслан Мамытұлы.

Салтанатты рәсімде ведомствоның Құрмет грамотасы және арнайы атақтар келесі номинациялар бойынша табысталды:

💠 «Жер қойнауын пайдаланушы»
«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС

💠 «СЭҚ-тың үздік қатысушысы»
«ҚАЗЭЛЕКТРОМАШ» ЖШС

💠 «Жалпы белгіленген салық салу режимі – Өндіріс»
«СЕЙВУР-ЛТД» ЖШС

💠 «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған АСР»
«Новая Заря» шаруа қожалығы» ЖШС

💠 «Жалпыға бірдей белгіленген режим – Құрылыс»
«Казинтерэтнос» көпсалалы шаруашылық бірлестігі» ЖШС

💠 «Жеңілдетілген декларация негізінде АСР»
«ПрофКрепежKZ» ЖШС

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив