30217 әскери бөлімінің шығармашылық ұжымының «Алаш» вокалдық тобы бас жүлдеге ие болды
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 30217 әскери бөлімінің шығармашылық ұжымының «Алаш» вокалдық тобы «Сарбаз сахнасы» бүкіл армия шығармашылық ұжымдары фестивалінің қорытындысы бойынша гран-при иеленді. Фестивальді Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі ұйымдастырды.
Фестиваль барысында әскери қызметшілер жоғары дайындық деңгейін, әртістік пен бірлікті көрсетті. Олардың өнерін қазылар алқасы ерекше қойылымның, кәсібиліктің, әскери-патриоттық тақырыпты терең ашудың арқасында жоғары бағалады. 30217 әскери бөлімінің командасы фестивальдің нағыз сәніне айналды, Отанға қызмет ету тек жауынгерлік дағдыларды ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілердің мәдени, шығармашылық және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуды да қамтитынын растады.
Байқау қорытындысы бойынша ұжым гран-при жоғары наградасына ие болды, бұл олардың үлкен еңбегі, тәртібі мен патриотизміне елеулі жетістік және лайықты баға болып табылады.
Айта кету керек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының шығармашылық ұжымының «Алаш» вокалдық тобынан басқа, «Жаңа ғасыр» фольклорлық ансамбліне бірінші орын және 54770 әскери бөлімінің азаматтық персоналы Олжас Оспан вокалдық номинацияда екінші орын иеленді.


