Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
516.86 598.68 6.58

Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық кітапханасында «Жасанды интеллект және әдебиет» атты ғылыми конференция өтті. Аталған жиын қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі – жасанды интеллекттің әдебиет пен мәдениет салаларына ықпалын ғылыми тұрғыда зерделеуге арналды. Бүгінде жаңа технологиялар дамып, жасанды интеллект шығармашылық үдерістерге белсенді араласа бастады. Осы орайда оның көркем әдебиетке тигізер әсері, мүмкіндіктері мен туындауы мүмкін тәуекелдер терең талдауды қажет етеді.

Осы мәселелерге орай Мемлекет тарихы институтының Ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы Аманғосов Еркебұлан Русланбекұлы өз баяндамасында жасанды интеллектіні пайдалануға байланысты маңызды тарихи аспектілерге тоқталды. Ол ЖИ-дің тарихи деректерді өңдеу барысында орын алуы ықтимал бұрмалаушылықтар мен ақпараттық қателіктердің қауіптілігіне назар аударып, әсіресе фольк-хистори мен жалған нарративтердің таралу қаупін атап өтті. Генеративті ЖИ-дің «ескі фото» немесе «архив құжаты» сияқты жасанды материалдар тудыруы қоғамның тарихи санасына кері әсер етуі мүмкін екендігін айтты. Дәл осы себепті бірқатар елдерде архивтер мен музейлер жанынан ЖИ нәтижелерін кәсіби тарихшылар сараптайтын арнайы кеңестер жұмыс істейтіні, ал ЮНЕСКО мен Еуропалық комиссия тарихи деректерді тексеру мен этикалық шектеулер енгізу тетіктерін ұсынып отырғаны баяндалды. Ғалым қорытындылай келе, жасанды интеллектпен жұмыс «тарихшы – ЖИ – қоғам» үштағаны негізінде құрылуы тиіс екенін, тарихи пайым жасау міндеті адам мамандарға ғана тиесілі болу керектігін атап өтті.

Конференцияның басты мақсаты – жасанды интеллект пен әдеби шығармашылықтың өзара байланысын саралап, авторлық құқық пен тілдік-эстетикалық нормаларға қатысты жаңа сұрақтарға жауап іздеу болды. Сонымен қатар ЖИ-дің әдеби тілге, көркем ойлауға және ұлттық әдебиет дамуына ықпалы да назарға алынды.

Іс-шара барысында әдебиеттанушылар, қаламгерлер, зерттеушілер мен сала мамандары баяндама жасап, ашық пікір алаңы ұйымдастырылды. Олар жасанды интеллект әкелетін тың мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді, сондай-ақ шығармашылық еркіндік пен этикалық жауапкершілік мәселелерін талқылады.

Конференцияға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің оқытушылары және жас зерттеушілері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив