Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді

29-11-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Үкіметі астық экспорттаушыларды қолдау үшін қосымша 7 млрд теңге бөлді. Қаражат көлік шығыстарын субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламасы бойынша мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ приоритетті шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға бағытталады.

Қосымша қаржыландыру қажеттігі дәнді дақылдардың жоғары өнімділігі мен шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық астыққа деген сұраныстың артуына байланысты туындап отыр.

Биыл көлік шығындарын субсидиялауға Үкімет резервінен 31 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат қазақстандық өнімнің жаңа экспорттық бағыттарға шығуын, бұрын болған нарықтарға қайтадан қол жеткізуді және баламалы логистикалық маршруттар бойынша алыс шет елдерге экспорт көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етті. Жүзеге  асырылған шаралардың қорытындысында жаңа және қалпына келтірілген нарықтарға астық жеткізу көлемі 2,5 млн тоннадан асты.

Бұған дейін 2026 жылға арналған көлік шығыстарын субсидиялау бағдарламасын кемінде 30 млрд теңге көлемде қаржыландыра отырып ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі аграрлық секторды дамыту, экспорттық әлеуетті кеңейту және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі дәйекті саясатты жалғастыра береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив