Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Алматыда Әз Жәнібек ханға арналған қолжазбалардың факсимильді басылымдарының тұсаукесері өтті

29-11-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Орталық мемлекеттік архивте «Жошы ұлысының тарихи мұрасы: Әз Жәнібек ханға арналған қолжазбалардың факсимильді басылымдарының тұсаукесері» атты ғылыми іс-шара өтті.

Іс-шара аясында Жошы ұлысының даңқты билеушісі Әз Жәнібек ханға арналған екі бірегей қолжазба факсимильді түрде ұсынылды. Атап айтсақ, «Тұрар әл-мулаххас фил-һәйә» («Астрономияға қысқаша шолудың негізгі түйіндері») және «Тухфәту әл-Хақан фи шарх әл-арба’ин хадисән» («Қағанға тарту: қырық хадистің түсіндірмесі») басылымдары.
Қолжазбалар «Архив - 2025» кешенді жоспары аясында ұйымдастырылған археографиялық ғылыми экспедиция барысында Түркия архивтерінен қолжазбатанушы Өмірбек Қанай анықтаған.

1335 жылы жазылған Юсуф бин Мүбәрәк әл-Аланидың «Тұрар әл-мулаххас фил-һәйә» еңбегі – ортағасырлық атақты астроном және математик Махмұд ибн Мұхаммед ибн Омар әл-Шағминидің «әл-Мулаххас фил-һәйә әл-басита» атты еңбегіне жасалған ғылыми түсіндірмесі.

1350–1351 жылдары жазылған «Тухфәту әл-Хақан фи шарх әл-арба’ин хадисән» еңбегінде Әз Жәнібек ханның қасиеттерін сипаттайтын мадақтаулар мен билеушілерге арналған хадистер жинағы ұсынылған. Еңбектің кіріспесінде ханның ғылым-білімді дамытуға, мешіт-медреселер, ханака, шипахана және кітапханалар салдыруға ерекше мән бергені атап көрсетілген.

Ғылыми іс-шараға жетекші ғылыми ұйымдардың өкілдері, университет оқытушылары, тарихшылар, ғалымдар, архивистер, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив