ҰЭМ басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның президенті Берге Брендемен кездесу өткізді
Швейцария, Женева қаласы
Кездесу барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тиісті логистикалық инфрақұрылымы бар өңірлік азық-түлік орталықтарын құруды және жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақтылығын арттыру үшін тығыз ынтымақтастықты күшейту керектігін атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан жүк және жолаушылар тасымалы маршруттарын қысқарту мақсатында көлік торабы ретінде әрекет етуге дайын. Ол үшін барлық ресурстар мен инфрақұрылым бар.
Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркия 2022-2027 жылдарға арналған саудадағы "Тар жерлерді" синхронды жою және "Орта дәлізді" дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды. Жобаны іске асыру Транскаспий дәлізінің өткізу қабілетін 2025 жылға қарай 10 миллион жүкке дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Ә.Қуантыров Қазақстан әйелдер құқығын ілгерілету жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның бастамаларын, ДЭФ-тің гендерлік теңгерімді, білім беруді, әйелдердің дамуы мен кәсіби өсуін қолдауға қосқан үлесін құптайтынын атап өтті.
Министр Б.Брендені ағымдағы жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына (AIF) қатысуға шақырды. Өз кезегінде, ДЭФ президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.