Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
512.53 592.43 6.53

Жасанды интеллекттің даму жағдайында парламенттік бақылау тетіктерін күшейту мәселелері халықаралық конференцияда талқыланды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Куала-Лумпурда парламенттердің қызметіне жасанды интеллекті енгізу және реттеу мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті. Шара Малайзия Парламентінің, Парламенттік Достастық қауымдастығының (CPA), Парламентаралық Одақтың (IPU) және БҰҰ Даму Бағдарламасының (UNDP) қолдауымен өтті.

Форумда әлемнің әртүрлі елдерінен келген 200-ге жуық парламентшілер мен парламенттік құрылымдардың қызметкерлері бас қосты. Қатысушылар ЖИ-ді заңнамалық қызметте іс жүзінде пайдалану, осы саланы реттеудің тиімді тәсілдерін әзірлеуге байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

ЖИ пайдалану этикасы, деректердің ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және технологиялық прогреске парламенттердің жылдам бейімделуіне мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Парламент Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары Олжас Данабеков конференцияда Қазақстан Республикасының өкілі болды. Кездесулер мен жұмыс сессиялары барысында ол цифрлық трансформация, жаңа технологиялық шешімдерді енгізу және жасанды интеллект дамуы жағдайында парламенттік бақылау тетіктерін нығайту бойынша еліміздің тәжірибесімен бөлісті.

Конференция бірнеше күнге созылды және озық тәжірибені алмасу, парламентаралық байланыстарды нығайту және тұрақты даму мүддесі үшін жасанды интеллекті пайдаланудың бірлескен тәсілдерін қалыптастыру алаңына айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив