Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
512.53 592.43 6.53

1 желтоқсанда Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бір апта бойы әскери басқару органдарында, құрамалар мен әскери бөлімдерде жеке құрамның жауынгерлік даярлық дағдыларын жетілдіруге арналған тактикалық-құрылымдық сабақтар өтеді.

Сабақтар барысында ұрыс есептоптары мен кезекші қызметтердің іс-әрекеті нақтыланып, штабтар мен әскери бөлімдердің басқа әскерлер мен құралымдар, одан бөлек мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі пысықталады.

Оқу дабылынан кейін барлық әскери бөлімдер ең жоғары дәрежедегі жауынгерлік дайындыққа көшеді. Әскери қызметшілер техникалармен оқу полигондарына және оқу орталықтарына марш жасайды. Кейбір бөлімдер әуе және темір жол көлігімен жолға шығады.

Қазіргі уақытта жұмылдыру ресурстарын қабылдау пункттерін ашуға дайындық жүргізіліп жатыр. Құрамалар мен бөлімдердің практикалық әрекеті әдеттегідей жіті назарда болмақ. Тактикалық-саптық кешенді сабақтар 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив