Астанада атом энергетикасы саласындағы кадрларды даярлау бойынша АЭХА семинары басталды
Астанада атом энергетикасы үшін кадрлық әлеуетті дамыту және адам ресурстарын жоспарлау мәселелеріне арналған Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (АЭХА) семинары өз жұмысын бастады. Іс-шараны ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.
1–5 желтоқсан аралығында халықаралық агенттікпен бірлескен интеграциялық жұмыс жоспары аясында алдыңғы қатарлы сарапшылар — Алесю Юникова, Освальд Глоклер және Виталий Шумский, сондай-ақ шақырылған шетелдік спикерлер — Халед Атйя Абдаллы (Мысыр), Анил Б. Бёлме (Түркия) және Аттила Асоди (Венгрия) қатысты. Семинарға қатысушылар арасында мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, Агенттік пен КАЭС өкілдері, сондай-ақ кадрларды даярлау және адам ресурстарын дамытуға тартылған мамандар бар.
Құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің қазақстандық қамту департаментінің директоры Данияр Жансейтов жоғары білікті кадрларды даярлау атом энергетикасының табысты әрі қауіпсіз дамуының басты факторы екенін атап өтті.
Сонымен қатар ол 2026–2030 жылдарға арналған кадрларды даярлау кешенді жоспарының жобасын таныстырды. Жоспар мектептер мен колледждерден бастап магистратура мен докторантураға дейінгі барлық деңгейдегі білім беруді қамтиды және тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін кеңейту мен жетекші университеттермен бірлескен бағдарламаларды іске асыруды қарастырады.
Семинар тәжірибе алмасу және кадрларды даярлау мен адам ресурстарын дамыту стратегияларын талқылау алаңы болды, бұл Қазақстандағы атом энергетикасының қауіпсіз әрі тұрақты дамуына маңызды үлес қосады.