Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
513.45 596.99 6.59

Мәжіліс азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдайды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттарға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Мәжіліс депутаттарына өңірлерді аралау барысында келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері туралы ақпаратын тыңдау ұсынылады.

Сонымен қатар жалпы отырыста депутаттардың бастамасымен әзірленген Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын орындауға арналған Цифрлық кодекстің жобасы екінші оқылымда қаралатын болады. Құжат цифрлық ортадағы қатынастарды реттеуге, таяу үш жылда Қазақстанның толыққанды цифрлық елге айналуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобамен жұмыс барысында депутаттар қосымша 62 бап енгізді. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңның ережелері, сондай-ақ Ақпараттандыру туралы заң нормаларының бір бөлігі Жаңа Кодекске көшірілді. Кейіннен бұл заңдар күші жойылды деп танылады.

Депутаттар 2024 жылғы 4 қыркүйекте Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді талқылайды. Келісімде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ықпал ету қарастырылған.

Бұдан бөлек, Мәжіліс Тәжікстан Республикасымен одақтастық қатынастар туралы шартқа қатысты жаңа заң жобасын жұмысқа алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив