Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
513.45 596.99 6.59

«Күз-2024» әскери қызметшілері мыңнан астам білім гранттарын алды

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда Қарулы күштердің беделін арттыруға және жастарды мерзімді қызмет өткеруге ынталандыруға бағытталған жобаны іске асыру жалғасуда. 

Үш мыңнан астам мемлекеттік білім беру гранттары, оның ішінде екі мыңнан астамы – «Көктем-2024», мыңнан астамы – «Күз-2024» әскерге алынып, 2025 жылы қызметін аяқтаған азаматтарға берілді.

Әскерден босатылғаннан кейін екі жыл ішінде қазақстандықтар азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырусыз ақылы негізде оқуға түсе алады. Одан өзге конкурстық іріктеуден сәтті өткен Sarbaz 2.0 жобасына қатысушылар үшін мемлекет есебінен жоғары білім алу мүмкіндігі қарастырылған.

Гранттарды бөлудің ашықтығын Sarbaz 2.0 ақпараттық жүйесі қамтамасыз етеді. Мұнда жауынгерлік даярлық көрсеткіштері, тәртіп және әрбір әскери қызметшінің тестілеу нәтижелері тіркеледі. Іріктеу нәтижелері платформада жарияланады және бұл қатысушыларға өз деректерін өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді.

2025 жылдан бастап мемлекеттік грант иегерлеріне қосымша стипендия, жатақхана және әскери кафедрада конкурстан тыс оқыту сияқты жеңілдіктер беріледі. Бұл офицерлік қызметке жол ашады.

Жоба іске қосылған 2023 жылдан бері мерзімді қызметтен өткен азаматтарға тоғыз мыңнан астам білім беру гранты бөлінді.

Грант иеленген «Күз-2024» әскери қызметшілерінің  тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/article/details/205311?lang=kk 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив