Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
513.45 596.99 6.59

Қазақстан 2040 жылға қарай мұнай өңдеу қуатын 40 млн тоннаға дейін ұлғайтуға ниетті

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде мұнай өңдеу көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру көлемі 14,52 млн тоннаны құрады, осы жылы 14,55  млн тонна өнім өндіру көзделуде. 2040 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді 14,52-ден 29,2 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар 2040 жылға қарай мұнай өнімдерінің сапасын қазіргі экологиялық стандартынан K4-тен K5+ деңгейіне дейін тұрақты түрде жақсарту және сыртқы нарықтарға экспорттау күтілуде.

2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаны құрады, биылғы жоспары да осы деңгейде. Бүгінгі таңда мұнай өңдеу зауыттары американдық және жапондық технологиялық процестерді басқарудың ең жақсы Honeywell және Yokogawa автоматтандырылған жүйелерін пайдалана отырып, цифрландырудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Өңдеу қуатын кеңейту жобалары бойынша, Мұнай өңдеу саласын дамытудың тұжырымдамасына сәйкес 2025 – 2032 жылдар аралығында мұнай өңдеу көлемін жылына 18-ден 30 млн тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары басталды. 

«2040 жылға қарай заманауи отын-мұнай-химиялық конфигурацияда қуаты 10 млн тонна мұнай өңдейтін жаңа үлкен сыйымдылықтағы ірі зауытты іске қосу және өңдеу қуатын 30-дан 40 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жаңа зауыттың өңдеу тереңдігі 95%-ды құрайды. Бұл жобаларды жүзеге асыру ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына өсіп келе жатқан сұранысын 100 % қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көршілес елдерге экспорттауға мүмкіндік береді. 2024 жыл қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру көлемі 14,52 млн тоннаны құрады, осы жылы 14,55 млн тонна өнім өндіру жоспарлануда. 2040 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді 14,52-ден 29,2 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда», — деп атап өтті министр.

Мұнай өнімдерін өндірудің түпкілікті құны жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының аяқталуы барысындағы ішкі және сыртқы нарықтардағы сұранысқа байланысты болады. Сонымен қатар 2040 жылға қарай мұнай өнімдерінің сапасын қазіргі экологиялық стандартынан K4-тен K5+ деңгейіне дейін тұрақты түрде жақсарту және сыртқы нарықтарға экспорттау күтілуде. Осы ретте «Oil transportation management» ақпараттық жүйесі әзірленді. Жүйе бекітілген қағидаларға сәйкес мұнай өндіруші ұйымдар, мұнай өңдеу зауыттары және көлік компаниялары арасында мұнайды бөлу процесін автоматтандыруға және толық цифрландыруға бағытталған.

«Қазіргі уақытта жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр, оған 117 белсенді пайдаланушы тіркелген және жер қойнауын пайдаланушылар 2 182 өтінім берген. Жүйе өтінімді қалыптастыру мерзімін 5-тен 1 күнге дейін оңтайландырды, мұнай жеткізу кестесін ұсыну мен қол қоюды 100% автоматтандырды және кестені бекіту уақытын 7-ден 2 күнге дейін қысқартты. Жүйені жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Мұнай өнімдерінің айналымын цифрландыру үшін келіп түсетін сұраныстарды толығымен есепке алатын "Oil Track" ақпараттық жүйесі енгізілді. 123 мұнай базалары есептеу бақылау құрылғыларымен жабдықталған және операторға мәліметтерді тұрақты түрде беріп отырады. Жүйе өтінімді өңдеу уақытын 3 сағаттан 10 минутқа дейін, отынның "сұр" айналымын 20%-ға дейін қысқартты. Құрылғылардан деректер автоматты түрде 24/7 режимде қабылданып, үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Сұранысты болжау және логистиканы оңтайландыру үшін жасанды интеллектіні пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда», — деді министр.

Бүгінгі таңда мұнай-химия саласы белсенді дамып келеді. «KPI», «Нефтехим Ltd. компаниясы», «Шымкент химия компаниясы» және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері кәсіпорындары слайдта көрсетілген мұнай-химия өнімдерін шығарады. 2023 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,5 есеге артып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 540 мың тоннаны құрады. Биыл 589,7 мың тоннаға дейін өсу жоспарланған. Бұл ретте өндіріс көлемінің артуы жаңа жобаларды іске қосу арқылы қамтамасыз етіледі. Алкилат, бутадиен және карбамид өндірісінің жобалары жобалау сатысында. Полиэтилен жобасы бойынша белсенді құрылыс жұмыстары жүргізілуде және ұзақ циклді жабдықтарға тапсырыстар берілген.

Саланың жүйелі дамуын қамтамасыз ету үшін Министрлікпен «Мұнай-химия өнеркәсібі туралы» Заң жобасы әзірленуде, бұл сектордың ұзақмерзімді өсуі және инновациялық технологиялық шешімдерді енгізу үшін қажетті ашық және болжамды реттеулерді қамтамасыз етеді. KPI компаниясының цифрландыру жобасы аясында ERP және SAP жүйесі біріктірілді, нәтижесінде жеткізу келісімшартының барлық циклін автоматтандыруға және электронды түрде жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл келісімшартты дайындау уақытын 80%-ға, жалпы үдеріс ұзақтығын 30%-ға қысқартып, серіктестермен жұмыстың дәлдігін, ашықтығы мен жылдамдығының артуына әкелді.

Мұнай-газ-химия өнеркәсібінің дамуы өндіріс тиімділігін айтарлықтай арттыратын озық цифрлық технологияларды енгізуге негізделгенін атап өткен жөн.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив