Нұрторе Жүсіп ономастика жөніндегі комиссия жұмысына қатысты
Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның отырысына қатысты.
Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Қазақстан ономастикасы - жай ғана есімдер жүйесі емес, халықтың тарихын, дүниетанымын, өзін-өзі сәйкестендіруін және мемлекет қалыптасу жолын бейнелейтін мәдени код екенін атап өтті. Ол ұлттық жадыны сақтап, қазіргі тіл саясаты мен мемлекеттік саясаттың құралы ретінде қызмет ететінін жеткізді.
«Қазақстанда ономастика маңызды рөл атқарады – ол өткен мен бүгінді жалғап тұрады. Түркі, моңғол және парсы-арабтан келген атаулар бірін-бірі алмастырған жоқ, керісінше бірге араласып, біздің мәдениетке тән ерекше атаулар жүйесін қалыптастырды. Ондағы адам есімдері мен жер-су атаулары көшпелі халықтың дүниетанымын және қасиетті орындарға деген құрметін көрсетеді. Тарихта көптеген өзгерістер болса да, атаулардың мәні сол күйінде сақталып қалды», - деді Нұртөре Жүсіп.
Сарапшылармен пікірталас барысында сенатор қазіргі қазақстандық ономастиканың Ұлы дала мұрасы, ХХ ғасыр реформалары және цифрлық дәуір талаптарының тоғысында тұрғанын атап өтті. Бұл саланың маңызын арттыра түседі, себебі сақталған немесе қайтарылған әрбір атау қоғамдық сананы және тілдік ортаны қалыптастырады.
«Қазақстан ономастикасының болашағы - дәстүрді, ғылымды, транслитерация ережелерін, цифрлық деректерді және қоғамның қатысуын біріктіру. Ономастика - халықтың өз атауларына, өз дауысына ие болуын көрсететін маңызды гуманитарлық ресурс. Біздің міндет - атауларды сақтау және олардың мәнін түсіндіру. Сонда олар халықтың жадыда сақталып, дәстүр мен жаңғырудың үйлесімін көрсетіп тұрады», - деді Нұртөре Жүсіп.