Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
503.89 587.54 6.48

Ольга Перепечина: Сенат жұмысындағы басымдық – өңірлермен өзара іс-қимыл

Кеше, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен Қазақстанда ұйымдастырылған «Өңірлік дамудың басым бағыттары: басымдықтар мен мүмкіндіктерді және шешімдерді талқылау» туралы  стратегиялық сессиясына қатысты. Қатысушылар 2030 жылға дейінгі Өңірлік даму тұжырымдамасы мен жаңартылған кодекстер қабылданғаннан кейін әзірленген жаңа өңірлік күн тәртібінің негізгі бағыттарын қарады. Орталық және жергілікті салықтың аражігін ажырату, өңірлік стандарттар жүйесін енгізу, мәслихаттардың рөлін арттыру, цифрлық құралдарды дамыту және азаматтардың бюджет процесіне қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.

Төраға орынбасары өз сөзінде өңірлік саясаттың стратегиялық маңыздылығы мен реформаларды ілгерілетудегі Сенаттың рөлін атап өте келіп, бүгінде ұлттық басымдықтарды іске асыруда өңірлік деңгейдің ерекше мәні бар екенін атап өтті.

«Сенат өңірлердің өкілі болып табылады және олардың нақты сұраныстарының ұлттық деңгейге дейін жетуіне барынша ықпал етеді. Сенаторлар аймақтарға ұдайы  барады, сондықтан олар қалалар мен ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін жақсы біледі. Палатада арнайы алаңдар жұмыс істейді, оның ішінде ұлттық мақсаттарды өңірдегі нақты шешімдерге ауыстыруға көмектесетін Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес және ОДМ мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссия да бар. Жаңа Өңірлік даму тұжырымдамасы жағдайында мәслихаттардың қоғамдық диалог орталықтары ретіндегі рөлін күшейту ерекше маңызға ие. БҰҰДБ және ЕО-мен бірлесіп жұмыс істеу өңірлердің әлеуетін нығайтуға және реформаларды адамдарға жақындатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді Ольга Перепечина.

Стратегиялық сессия аясында басқару процестерін цифрландыруға, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды жетілдіру мен азаматтармен кері байланыстың тұрақты тетіктерін қалыптастыруға арналған топтық талқылаулар өтті.

Шара қорытындысы бойынша «Қуатты өңірлер – жігерлі ұлт» саясатын нәтижелі іске асырудың негізгі шарты – мемлекеттік органдар, жергілікті қоғамдастықтар және халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту екені атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив