Ұлттық палата мамандары қылмыстық істерді негізсіз тіркеуді алып тастауды ұсынды
ҚР Мәжілісінде қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасы қабылданды. Бұл заң жобасы бизнесті негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау үшін қолға алынған.
«Заң жобасымен қылмыстық жауаптылықты белгілеуге, жаза тағайындауға және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына, үкімнің орындалуына байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Біз бұл мәселеге назарды жайдан-жай аударып жатқанымыз жоқ. Өкінішке қарай, кәсіпкерлер өзінің кәсіпкерлік қызметі уәкілетті органдардың нұсқасы бойынша сыбайлас жемқорлық ретінде қарастырылған кезде қорғалмай қалады. Заң жобасы қазақстандық қоғамның конституциялық құндылықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды күшейтеді. Олардың ішіндегі ең жоғарғысы – адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары, Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, экономикалық даму», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров.
Заң жобасында:
- сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеуге тыйым салу жолымен салық немесе азаматтық-құқықтық дауы бар өтініштер мен хабарламаларды негізсіз тіркейді алып тастау. Сондай-ақ салықтық тексеру актісі, маманның қорытындысы және олардың сотқа дейінгі не сотқа шағымдануынсыз қылмыстық істерді негізсіз тіркеуді алып тастау;
- соттың істі мәні бойынша қарау міндетін белгілей отырып, істі прокурорға «пысықтау» үшін қайтару мүмкіндігін болдырмау;
- кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және тексеру жүргізу прокурорымен міндетті келісуді белгілеу;
- алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға бас бостандығынан айыруды тағайындауға тыйым салу;
- «коммерциялық ұйымдарды» ұйымдасқан қылмыстық құралымдардан ажырату;
- экономикалық қылмыстар бойынша бірнеше рет айыппұл салу;
- адвокаттардың тергеушіге өтініш жасамай-ақ сарапшыға тікелей сұрақтар қою мүмкіндігін анықтау қарастырылған.
«Заң жобасын қабылдау қазақстандық кәсіпкерлердің Жоғары конституциялық құндылықтарын қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қорғауды күшейтеді, олардың жеке іс жүргізу құқығы мен міндеттерін тиімді іске асыруын қамтамасыз етеді. Бизнес өкілдеріне қатысты құрылған құқықтық мәселелер тұрғысынан бізді қызықтырған нақты кейстерді мысалға келтіргім келеді», – деп атап өтті төрағаның орынбасары.
Кәсіпкер К. Молдағалиев бүкіл ел аумағында көлік-тасымалдау қызметін үш жыл бойы жақсы атқарып жүрді. Сотқа дейінгі тергеу кәсіпкер нақты бизнес жүргізіп жатқанын растады. Кәсіпкердің жетекшілігімен 19 қалада 181 адам жұмыс істеп жатыр. Күн сайын тасымалдау линиясына 200 мың жүргізуші шығады. Белгіленген уақыт ішінде арнайы прокуратура фигурантты небәрі 8 рет тергеуге алған. Ол іс бойынша шындықты анықтауға ешқандай кедергі жасамайды. Іс бойынша өзге де фигуранттар жоқ.
«Біз Бас прокуратурадан К.Молдағалиевке қатысты бұлтартпау шарасын неғұрлым жұмсаққа өзгерту туралы мәселені шешуді сұрадық. Нақты жауап ала алмадық. Жақында адвокат Молдағалиевтің өтініші бойынша үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына орай Конституциялық сот өз қаулысын шығарып, Үкіметті Қылмыстық-процестік кодексіндегі норманы қайта қарауға міндеттеді», – деп толықтырды «Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі.