Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

«Атамекен» ҰКП мамандары кассациялық сатыға қолжетімділікті қамтамасыз етуді ұсынды

20-04-2023, 13:50 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық палатаның бұл бастамасы сот жүйесін реформалау шеңберінде сарапшылармен кездесуде айтылды.

Бизнес-қоғамдастықтың мүддесін сақтау үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында адвокатура, құқықтану және бизнес саласындағы сарапшылардан құралған жұмыс тобы қызмет етеді. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша «Атамекен» ҰКП Қазақстанның сот жүйесін реформалауға қатысты ұсыныстар енгізді.

«Түрлі алаңда, соның ішінде Парламент Сенаты, Әділет министрлігінде өткен талқылаулар нәтижесінде Жоғары Сот біздің ұсыныстардың бір бөлігін назарға алып, олар «Сот реформасының 24 қадамында» көрініс тапты. Осылайша, қазіргі кезде аз құрамды және шалғайдағы соттардың аудандық соттарының төрағалары таратылды, ал қалған аудандық соттарда төрағаларды сайлау енгізілді. Бұдан басқа Салық кодексіне заңды тұлғалар (20 мың АЕК) және жеке тұлғалар (10 мың АЕК) үшін мемлекеттік баждың шекті мөлшері бойынша өзгерістер енгізілді. Апелляциялық саты бірінші сатыдағы ережелер бойынша азаматтық істерді қайтарусыз қарайды, Жоғары Сот кеңесінің мәртебесі көтеріледі», – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Ербол Өстеміров.

Ұлттық палатаның мамандары іске асырылған шаралардан басқа сот жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.   

«Үздіксіз кассацияны қайтару мәселесі Жоғарғы Соттың штатын кеңейту немесе жеке округтік кассациялық соттарды құру ұсынылды. Кәсіпкерлер келіп түскен барлық өтініш жеке-дара емес, кассациялық алқалардың отырыстарында қаралуы тиіс деген пікірді қолдайды. Бұл мәселе маңызды және шешуді қажет етеді. Судьялардың материалдық қамтамасыз етілуін арттырып, оларды күш органдарының араласуынан қорғай отырып, судьялардың жауапкершілігі туралы ұмытпаған жөн. Бұл жұмыс түсінікті механизмді әзірлеуді талап етеді», – деп атап өтті спикер.

Ербол Өстеміров кассациялық өтініштерді алдын ала қараудың қолданыстағы тәртібі Жоғарғы Сотқа төменгі соттардың барлық сот актісін қайта қарауға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Өтініштердің көпшілігі кассациялық қарауға берілмейді.  

«Қылмыстық-процестік кодексiне енгізілген өзгерістер тек қылмыстық істер бойынша алқалы құрамдағы ашық сот отырысында сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттарды алдын ала қарауға мүмкіндік берді. Істі кассацияға беру-бермеуді үш судья шешеді, ал өтінішхатты қарау қылмыстық процесс тараптарының қатысуымен сот отырысы залында жария түрде жүзеге асырылады. Алайда бұл тәртіп азаматтық істерге қолданылмайды. Ең  әділ әдіс шектеу қойылмаған үздіксіз кассация болып отыр. Бірақ бұл процесс айтарлықтай материалдық құралдарды қажет етеді. Сондықтан қазіргі кезде  азаматтық істер бойынша келіп түскен өтініштерді алқалы түрде ашық сот отырысында алдын ала қарау қолайлы болып отыр. Бұл сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді», – деп толықтырды Ербол Өстеміров.

Ұлттық палата мамандары кассациялық саты бойынша мемлекеттік баж процеске қатысушының өтінішхатын алдын ала қарау сатысында өтінішхатты қараудан бас тартқаны үшін емес, өтінішхатты тікелей кассациялық сатыдағы сот отырысында қарағаны үшін ғана төленуге тиіс деп санайды.

«Сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін біз барлық апелляциялық сатыдағы соттар үшін азаматтық істер бойынша эксаумақтылықты автоматты түрде анықтауды бекітуді ұсынамыз. Сонда облыстық соттардың судьялары бір өңірдегі 1-ші сатыдағы соттардың тиісті шешімін шығаруға ықпал ете алмайды. Сондай-ақ бірінші сатыдағы соттарға талап қою кезінде айрықша соттылық мәселелерін қозғамайды. Біз экономикалық даулардан бастауды ұсынамыз», – деді басқарма төрағасының орынбасары.

«Атамекен» ҰКП өкілдерінің пікірінше, егер сот корпусының кадрлық құрамы өзгеріссіз қалса, сот реформасы аяқталмай қалуы мүмкін.

«Жүйе жаңаруының бір нұсқасы ретінде барлық судьяны кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұсынамыз. Бұл ретте негізгі фокус облыстық және оларға теңестірілген соттарға жасалуы керек. Бірақ, бұл бастама қолдау таппады. Өйткені атестациялау процесі айтарлықтай уақытты қажет ететіндіктен, оның кем дегенде 1/5 бөлігі отставкаға кету мүмкіндігіне ие.  Бұл жайт сотта мамандардың тапшылығына әкеледі. Сондықтан біз барлық деңгейдегі судьяларды іріктеуден бастап тағайындау жөніндегі ұсынымдарға дейін оған барлық кадрлық функцияларды бере отырып, Жоғары Сот кеңесінің мәртебесін нығайтуды ұсындық. Кадр саясатына соттардың кез келген араласуын оны Жоғары Сот кееңесінің  қызметіне жатқыза отырып алып тастау қажет», – деп түйіндеді Ербол Өстеміров.

Спикер Жоғары Сот  кеңесі  заң қоғамдастығы өкілдерінен (ҰКП, ғалымдар, адвокаттар, заң консультанттары), ЖСК мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысынан тұруы тиіс екенін айтты, бұл қоғамдық бақылауды арттыруды қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив