Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

Мұхтархан Қалиұлының шығармашылық кеші өтті

4-12-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұхтархан Қалиұлының «Ұлы дала дауысы» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті.

Жиында ақынның поэмалары мен балладалары және өлеңдерін қамтитын «Ұлы Дала дауысы» атты жинағы таныстырылды.

Әдеби кешке қатысушылар автордың шығармашылық жолы мен  поэзиядағы өзіндік  қолтаңбасын, әдебиетке қосқан үлесін кеңінен талқылады.

Іс-шара барысында автордың әндері орындалды.

Басқосуға ақынның отбасы мүшелері, әдебиет өкілдері, мәдениет саласының қайраткерлері және оқырмандар қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив