Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
503.89 587.54 6.48

Әлеуметтік ынталандыру және еңбектің қауіпсіз жағдайы: Сенатта жұмысшы кәсіптерінің тартымдылығын арттыру жолдары қаралды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Жұмысшы кәсіп өкілдері үшін әлеуметтік ынталандырулар жасау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов әлеуметтік ынталандыру жас мамандарды тарту мен жұмысшы мамандықтардың тартымдылығын арттырудың маңызды құралы екенін атап өтті. Тұрғын үй мен несиеге, инфрақұрылым және тұрақты еңбек жағдайына қол жеткізуді қамтамасыз ету аса маңызды.

«Президент биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады және осылайша экономиканың болашағы үшін білікті кадрлардың стратегиялық рөлін атап өткен болатын. Біздің міндетіміз – әрбір маманға ұзақ мерзімді жоспар құруға мүмкіндік беретін келешекте түсінікті жолды, заманауи білім мен әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету. Бұл тек адамдарға ғана емес, мемлекеттің тұрақтылығына да инвестиция болмақ», - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Ұлттық экономика министрлігінің өкілі жаңа Бюджет және Салық кодекстері әлеуметтік бастамалар мен қызметкерлерге медициналық қызметке салық шегерімдерімен қоса қолайлы еңбек жағдайын жасауға жұмыс берушілерді ынталандыратын шараларды қарастыратынын айтты. Ол 2025 жылдан бастап азаматтар үшін қосымша шегерімдер енгізілгенін, ал 2026 жылдан бастап бірыңғай базалық шегерім пайда болатынын, бұл «қолға тиетін» жалақыны арттыратынын атап өтті. Сондай-ақ, бюджетті оңтайландыру және мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыру үшін бюджеттен тыс жаңа қорларды ашуды шектеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі өз кезегінде жедел цифрландыру еңбек нарығын өзгертетінін және жұмысшыларды, әсіресе жұмысшы кәсіптерін әлеуметтік қорғаудың жаңа тәсілдерін талап ететінін атап өтті. Мемлекет цифрлық құралдарды – еңбек шарттарын электрондық есепке алуды, платформалық жұмыспен қамтуды, кәсіпорындардың цифрлық картасы мен кәсіптік қауіптерді бағалау жүйесін енгізу арқылы лайықты ақы, әлеуметтік кепілдік және қауіпсіз еңбек жағдайы бар сапалы жұмыс орындарын ашу жөніндегі жұмысты күшейте түседі. Ол осы шаралардың арқасында өндірістік жарақаттану деңгейі төмендеп, еңбек нарығының ашықтығы артып келе жатқанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив