Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
503.89 587.54 6.48

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери дабыл бойынша көтерілді

Бүгін, 17:26 018.kz

Жаңа оқу жылының басталуына орай ҚР Қарулы Күштерінде жоспарлы дайындық шаралары басталды. Осы аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер кенеттен жарияланған жауынгерлік дабыл бойынша көтеріліп, бөлімдердің дайындығы кешенді түрде тексерілді.

Жаттығу барысында бөлімдер белгіленген бағыттарға жедел түрде шығып, шартты тапсырмаларды орындауға кірісті. Әскери техникалар паркі ішінара алаңдарға шығарылып, марштық мүмкіндіктері, маневр жасау қабілеті және техникалық дайындығы бағаланды. Тексеріс кезінде техникалар сапқа тұрғызылып, командирлер олардың жай-күйі мен жарақтануын жіті қадағалады.

Жеке құрам белгіленген уақыт нормалары бойынша жиналып, жылдам әрекет ету, сап түзеп шығу, қару-жарақ пен жабдықты қабылдау тәртіптері бойынша бағаланды. Әскери қызметшілер далалық жағдайға шығу, тактикалық эпизодтарды орындау және басқару пункттерімен тұрақты байланыс орнату міндеттерін орындады.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — жеке құрамның кәсіби дайындық деңгейін, техникалардың жарамдылығын және бөлімдердің қысқа уақыт ішінде толық жауынгерлік дайындыққа келу қабілетін тексеру.

Қолбасшылықтың мәлімдеуінше, мұндай тексерістер оқу жылының басында ғана емес, жыл бойы жоспарлы және жоспардан тыс форматта жалғаса береді. Бұл Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға және кез келген жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив