Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Алматыда Тоқаш Бердияровты еске алуға арналған жиын өтті

5-12-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Тоқаш Бердияровтың 100 жылдық мерейтойына арналған еске алу жиыны өтті.

Іс-шара барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Тағдырлы дарын» атты естеліктер жинағының тұсауы кесілді.

Жинаққа ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Рахманқұл Бердібаев, Темірхан Медетбек, Өмірзақ Айтбайұлы, Қойшығара Салғараұлы, Исраил Сапарбай, Есенғали Раушанов және басқа да қаламгерлердің әр кезеңде жазған зерттеулері мен естеліктері енген.

Іс-шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылды.

Іс-шараға әдебиетші мамандар, зерттеушілер, мәдениет ұйымдарының өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер мен оқырмандар қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив