Cемей-21°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
514.74 599.36 6.71

Депутаттар күзет қызметі саласына бақылауды күшейту мәселесін талқылайды

6-12-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі  нақтыланды.

Депутаттар қолданыстағы Салық кодексіне коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдарға салық салу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Заң жобасын депутаттар электр және жылу энергиясын, сондай-ақ суды бір мезгілде өндіретін ұйымдарға берілетін мемлекеттік субсидияларды толық пайдалану мақсатымен әзірледі.

Құжатта салық салудың құқықтық негізі белгіленеді және стратегиялық нысанның пайда салығын төмендету көзделген. Нысан – Ақтау қаласын, жақын маңдағы ауылдарды және аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр энергиясымен, жылумен, техникалық және ауыз сумен қамтамасыз ететін Маңғыстау облысындағы көп салалы кәсіпорын.

Мәжіліс депутаттары бастамашы болған күзет қызметі мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарау ұсынылып отыр. Заң жобасы күзет қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру рәсімдерін жетілдіруге, сондай-ақ қару иелері мен күзет қызметтерін ұсынатын ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар жалпы отырыста 2024 жылдың 29 қазанында Ұлан-Батырда қол қойылған Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы ратификациялық келісім қаралады. Құжат екі ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге, соның ішінде басқа елдің аумағына көшу кезінде қосымша мүмкіндіктер беруге, атап айтқанда, зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жұмыс тәжірибесін ескеруге және қосуға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив