Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК МАРОККО ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

30-01-2023, 12:03 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Марокконың Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Рашид Маанинумен кездесті. Кездесу барысында тараптар ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Министр Саясат Нұрбек пен Елші Мұхаммед Рашид Маанину қазақстандық студенттерге Мароккода білім беру гранттарын бөлу және ҚР жоғары оқу орындарында, оның ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары есебінен мароккалық студенттер санын көбейту мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар елші өз елінде ғылымның дамуы туралы айтып, осы саладағы ынтымақтастықты ұсынды. Ведомство басшысы бұл бастаманы қолдады.

Кездесу соңында Саясат Нұрбек қонаққа сапары үшін алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив