Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
519.61 610.13 6.54

Республика күні – ұлттық рухты жаңғыртқан мереке

21-10-2025, 10:22 Думан Кенжеғазыұлы

Республика күні – Қазақстанның мемлекеттік дамуы мен ұлттық бірлігінің символына айналған ерекше мереке. Бұл күннің ұлттық мереке ретінде қайта жаңғыруы – елдің тарихи жадын жаңғыртып, тәуелсіздікке бастар жолдағы саяси-құқықтық кезеңдерді қадірлеудің айқын көрінісі. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация – қазақ елінің дербес мемлекет құруға ұмтылғанын, өз тағдырын өзі айқындай алатын дәрежеге жеткенін әлемге жариялаған тарихи құжат. Сондықтан Республика күнінің ұлттық мереке мәртебесіне ие болуы – әділ шешім әрі тарихи сабақтастықтың жалғасы.

Бұл мереке бізге мемлекеттіліктің қадірін, елдік пен еркіндіктің бағасын терең түсіндіреді. Ұлттық мереке халықты бір мақсатқа ұйыстырып, қоғамның рухани бірлігін күшейтеді. Республика күні – тек өткенді еске алу емес, елдің болашағына бағытталған сенімнің мерекесі. Өйткені егемендік туралы декларацияда құқықтық мемлекет құру, демократиялық қағидаларды орнықтыру, адам құқығын қорғау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту сияқты бүгін де өзектілігін жоймаған құндылықтар айқын көрсетілген.

Соңғы жылдары бұл мерекенің мазмұны жаңа деңгейде қалыптасып, ел тарихындағы маңызды белесті айрықша дәріптеуге мүмкіндік туды. Мектептер мен жоғары оқу орындарында ашық сабақтар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени іс-шаралар өткізіліп, жастардың елдік тарихқа қызығушылығы артып келеді. Бұл – жас буынға егемендіктің мәнін түсіндірудің тиімді жолы.

Республика күні – еліміздің жаңару жолындағы қадамдарын бағалап, ортақ жауапкершілік пен отаншылдық сезімін күшейтетін мереке. Ол бізді тәуелсіздікті қорғауға, елдің дамуына үлес қосуға жігерлендіреді. Осылайша Республика күні ұлттық мереке ретінде Қазақстанның тарихи сабақтастығын, рухани тұтастығын және болашаққа деген сенімін нығайтқан бірегей күнге айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив