Абай облысында ажырасу саны азайды
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Абай облысында ажырасу деңгейі төмендегені белгілі болды.
Қаңтар мен қараша айлары аралығында өңірде 2772 неке тіркеліп, 464 жұп ажырасқан. Ал өткен жылдың осы кезеңінде 3199 неке қиылып, 626 ажырасу тіркелген еді.
Осылайша, былтырмен салыстырғанда ажырасу саны 162 жағдайға азайып, бұл 25,9 пайыздық төмендеуді көрсетіп отыр. Сонымен бірге, неке саны да 427-ге қысқарған.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, ажырасу көрсеткішінің төмендеуі — биылғы жылдың айрықша оң үрдістерінің бірі.
«Филиал азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызмет көрсетуді белгіленген тәртіппен жалғастырып келеді. Мәліметтерге сәйкес, соңғы 11 айда ажырасу саны өткен жылмен салыстырғанда азайған», — деп хабарлады Абай облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы.
Айта кетейік, Семей қаласындағы АХАТ бөлімі Найманбаев көшесі, 139 мекенжайында орналасқан.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі