Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Мемлекеттік кеңесші білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде жиын өткізді

9-12-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде жиын өтті.

Басқосуға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының және басқа да мекемелердің басшылары қатысып, баяндама жасады.

Ерлан Қарин білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін қолданыстағы тәсілдерді жетілдірудің өзекті екеніне назар аударды. Бұл ретте «Адал азамат» бағдарламасы білім беру мекемелерін, соның ішінде жекеменшік мектептерді де толық қамтуға тиіс.

Мемлекеттік кеңесші ведомстволар арасындағы тығыз байланыс пен ұстаздарды әдістемелік тұрғыдан тұрақты түрде сүйемелдеу тәрбие жұмысының сапасын арттыратынын айтты. Сондай-ақ бұл іске ата-аналар қауымдастығын жұмылдырудың маңызына тоқталды.

Ерлан Қарин аталған міндеттерді ұтымды ұйымдастыру мақсатында Оқу-ағарту министрлігіне нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив