Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Республикалық «Qazaq Battle: Толық адам» дебат турнирі өз мәресіне жетті

9-12-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан студенттері альянсының 20 жылдық мерейтойына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Jas Power азаматтық-патриоттық тәрбие жобасы аясында республикалық «Qazaq Battle: Толық адам» дебат турнирі өтті.

Байқау заманауи дебат форматтары арқылы студенттердің сыни ойлау қабілетін, шешендік шеберлігін және талдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Турнирге Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Орал, Түркістан, Семей, Қызылорда, Қарағанды, Көкшетау, Жаңаөзен және Астана қаласынан барлығы 28 команда қатысты.

Жастар финалының нәтижесінде Қарағанды командасы жеңімпаз атанды.

Турнир студенттер арасында тарихи сананы нығайтуға, ұлттық бірегейлікті дәріптеуге және пікірсайыс мәдениетін дамытуға бағытталған зияткерлі алаңға айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив