Cемей-21°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
514.74 599.36 6.71

Астанада АЭХА-ның ядролық және радиациялық аварияларға дайындық және ден қою бойынша ұлттық семинары басталды

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 8 желтоқсанда Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) ядролық және радиациялық авариялық жағдайларға әзірлік пен ден қоюдың ұлттық жүйесін жетілдіруге бағытталған ұлттық семинары өз жұмысын бастады. Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС.

Семинар 8-12 желтоқсанда АЭХА халықаралық сарапшылары - Андрей Будо (Беларусь) және Людмила Симеонованың (Болгария) қатысуымен өтеді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, күш құрылымдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Агенттік пен ҚАЭС мамандары қатысады. Мұндай ведомствоаралық құрам авариялық әзірліктің негізгі мәселелерін кешенді қамтуды қамтамасыз етеді.

Семинарды өткізу Қазақстанның атом саласын дамыту және қауіпсіздікке қойылатын талаптарды арттыру жағдайында ұлттық ден қою жүйесін нығайтуға бағытталған. Семинар ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін, авариялардың түрлі сценарийлеріндегі іс-қимыл тәртібін, құлақтандыру жүйелерінің жұмыс істеуі мен халықты ақпараттандыруды ұйымдастыруды жүйелі түрде пысықтауға мүмкіндік береді. Барлық жауапты құрылымдардың іс-қимылын келісуге және тиімді ден қоюдың аса маңызды элементтері болып табылатын жедел ақпарат алмасуға ерекше мән беріледі.

Семинар шеңберінде ден қоюдың практикалық аспектілері қаралады, нақты жағдайларға талдау, жаттығулар және шектеулі уақыт пен жоғары жауапкершілік жағдайында қызметтердің жұмысқа дайындығын бағалау жүргізіледі. Мұндай iс-шараларды iске асыру Қазақстанның ядролық және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы ұлттық және халықаралық мiндеттемелерiн орындауына ықпал етедi.

Семинар бір апта бойы жалғасады. Оның нәтижелері мамандардың құзыреттілігін арттыруға және атом энергиясын пайдалану кезінде авариялық әзірлік пен ден қоюдың ұлттық инфрақұрылымын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив