Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Биыл су саласының 800-ден астам маманы біліктілікті арттыру курстарынан өтті

10-12-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 11 айында Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Бұл курстарға 800-ден астам маман қатысты.

Олардың ішінде 125 адам ҚХР-да PowerChina корпорациясының қолдауымен оқудан өтті. Айта кетейік, Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қытай тарапы келесі жылы да кадрларды қайта даярлау жөніндегі бірлескен бағдарламаны жалғастыруға келіскен болатын.

Біліктіліктерін арттырған 634 маман – жұмысшы мамандықтарының өкілдері. Сонымен қатар 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, биылғы жоспар 400 адамды құраған еді.

«Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылында су шаруашылығы мамандарының мәртебесін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, олардың жалақысы энергетика саласы мамандарының деңгейіне дейін көтерілді, біліктілікті арттырудың жаңа курстары өткізілді, маусымдық жұмысшылар тұрақты жұмыспен қамтылды және жалпы еңбек жағдайлары жақсартылды. Келесі жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив