Cемей-21°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
514.74 599.36 6.71

Министр Аида Балаева медиа саласындағы сот процестеріне қатысты ресми ұстанымын жариялады

Бүгін, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның медиа кеңістігінде соңғы уақытта бірнеше сот процесінің өтуіне байланысты талқылау күшейіп отыр. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл жағдайларға, соның ішінде Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерге ерекше назар аударып отырғанын ресми мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, еліміздегі сөз бостандығының сақталуы және ақпарат таратушы барлық субъектілердің заң аясында жұмыс істеуі – мемлекет үшін басты басымдықтардың бірі. Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Аида Балаева мұндай жағдайлар медиа қауымдастықты әрдайым алаңдататынын, себебі ол сөз бостандығы мен заңды журналистік қызметке тікелей қатысты аса маңызды мәселелер екенін жеткізді.

«Кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алады. Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде бағалануы мүмкін», – делінген министрдің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ол журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін әрдайым талап етіп келе жатқанын айтты.

Министр тиісті органдардың заң талаптарын сақтай отырып, барлық істерді жан-жақты әрі әділ түрде қарайтынына сенім білдірді.

Қорытындылай келе, Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде журналистердің құқықтарын қамтамасыз етуге және сот процестерінің әділ әрі ашық болуына қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив