Абай облысының ҚХА шығармашылық ұжымдары қауымдастығының отырысы өтті
Отырыс аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының креативті шешімдер платформасы тұжырымдамасының ресми таныстырылымы ұйымдастырылды.
Платформа Ассамблеяның шығармашылық бастамалар, жастармен жұмыс істеу және этносаралық келісімді заманауи әдістермен нығайту бағыттарындағы жұмысын жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Іс-шараға өңірдің мәдениет, білім, медиа, жастар және шығармашылық салаларының өкілдері қатысты.
Негізгі мақсат - этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті креативті индустриялар, өнер, медиа және цифрлық жобалар арқылы ілгерілетуге бағытталған жаңа ұлттық форматты таныстыру.
Отырыс соңында қатысушылар алдағы ортақ жобалар бойынша ұсыныстарын білдіріп, шығармашылық қауымдастықтың жұмысын жүйелі түрде жалғастыру туралы келісімге келді. Іс-шара өңірдегі этномәдени диалогты дамытуға және креативті индустриялар арқылы қоғамды біріктіру ісіне тың тыныс берді.







