Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Аяқ киім бір теңгеге де қымбаттаған жоқ - кәсіпкердің пікірі

*сурет ашық дереккөздерден

21-04-2023, 16:40 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 1 сәуірден бастап аяқ киімді таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енді. Осы кезеңде Қазақстанда таңбаланған аяқ киім көлемі 257 пайызға өсті. Кәсіпкерлер таңбалаудың енгізілуі тауар бағасының өсуіне әсер етпегенін атап өтті.

Қазіргі уақытта таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) аяқ киім саудасымен айналысатын 2 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. 2023 жылдың наурыз айында 6 145 348 аяқ киім таңбалау кодтарына тапсырыс берілді, ал 2023 жылғы сәуірдің 1-21 аралығында тапсырыс берілген аяқ киім кодтарының саны 15 853 844 жетті, бір айдан аз уақыт ішінде аталмыш көрсеткіш 257%-ға өсті, яғни айналымның ашықтығын арттыруға бағытталған жүйеге бизнестің белсене атсалысып отырғанын көрсетеді.

Жүйеде жұмыс істейтін және тауарды таңбалау бойынша тікелей тәжірибесі бар кәсіпкерлердің айтуынша, цифрлық таңбалауды енгізу тұтынушы үшін аяқ киімнің соңғы құнына әсер етпеген.

«Міндетті түрде таңбалау енгізілгеннен бері аяқ  таңбалаумен айналысып, оларды бөлшек сауда дүкендерімізде сатамыз. Шығындар ішінде біз тек тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесі мен 1С жүйелерін интеграциялау модулін енгізумен ғана байланысты, осылайша біз сатылымдағы аяқ киімнің бағасын 1 теңгеге де көтермедік. Осылайша, таңбалаудың енгізілуі соңғы бағаға әсер еткен жоқ. Бірыңғай оператор бізбен үнемі байланыста және біз олардан таңбалау жүйесінің жұмысы бойынша егжей-тегжейлі жауаптар аламыз, біз өз ескертулеріміз бен ұсыныстарымызды береміз», - деп түсіндірді Олжас Сүгіров, SMAN және BAYMAN тауар белгілері бар BAYMAN GROUP QAZAQSTAN компаниялар тобының қойма және логистика жөніндегі директоры.

Бұған дейін Қазақстанға «Юничел» сауда белгісімен аяқ киім әкелетін «Каспий-обувь» ЖШС өкілдері де жүйедегі жұмыстардың қолжетімділігі туралы пікір білдірген болатын:

«Біз аяқ киім өнімдерін таңбалауды енгізудің басынан бастап, яғни 2021 жылғы қарашадан бері тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде жұмыс істейміз. Біз таңбалау процесінің барлық кезеңдерін қарастырдық және барлық процедураларға сәйкес бірқалыпты жұмысты орнаттық. Біздің жұмысымыз Ресей Федерациясымен өзара танылған кодтардың функциясы арқылы да жетілдірілді: уақыт айтарлықтай қысқарды және аяқ киімді әкелу процестері жеңілдетілді. Біз өнімді таңбалау жүйесін оң бағалаймыз және аяқ киім нарығындағы бәсекелестік неғұрлым әділ болады, деп үміттенеміз. Біздің компания таңбалау үшін артық шығынға тап болған жоқ», - деп бөлісті «Каспий-обувь» ЖШС басшысы Лариса Ситарова.

Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесінің басты мақсаты - Қазақстандағы сауданы ашық ету екенін еске саламыз.

«Қазір тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде аяқ киім кәсіпкерлерінің жоғары белсенділігі байқалады, бұл адал бизнестің заңда белгіленген ережелерге сәйкес жұмыс істейтінін көрсетеді. Таңбалау және қадағалау жүйесінің міндеті – Қазақстандағы тауар айналымын ашық ету және аяқ киім өнеркәсібінде 50%-ға жуықтайтын көлеңкелі экономика статистикасын азайту. Нарықтың ақталуы саналы кәсіпкерлердің дамуына және халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді, бұған бизнес те жауапты, мұны түсіну маңызды», - деді Айжан Әділова, ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Аяқ киім өнімдерін цифрлық таңбалау және қадағалау 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілді – осы кезеңнен бастап кәсіпкерлер бейімделу кезеңіне қатысты көптеген жеңілдіктер алды, ал 2023 жылғы 1 сәуірден бастап аяқ киімді таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енді. Заңнамада аяқ киімді таңбалау ережелерін бұзғаны үшін айыппұл қарастырылмаған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив